Барлық қажеттілігіңіз үшін сенімді басқарушы

Инвестицияңыздың сенімді қорғанышы

Халықаралық инвестицияңыз бизнесті жүргізудің қағидаты мен кросс-шекаралық заңдарға толық сай келетін сенімді қорғаныш пен басқаруды қажет етеді. Компаниямыздың міндеті халықаралық инвестицияны ұйымдастыру, құру және толық заңды үлгісін қамтамасыз ету.

Клиенттермен көп жылдық қарым-қатынас

Сенімділігіміздің негізін қызметті үздіксіз қамтамасыз ету қағидаты, алдын-ала онжылдықты жоспарлау, болжағыштық пен ақылға сай сақтанымпаздық қалайды.

Шексіз мүмкіндік

Сізді қызықтыратын кез келген актив әлемнің кез келген елінде инвистиция үлгісіне қатысатын елдердің заңнамалық жүйесіне толық сай рәсімделеді. Әр тарап өз мүддесінің барынша сенімді қорғанышына ие болады.

Вскладчину иелік ету

Бірлескен иеленушілер арасында кез келген меншікті иелену құқығын адал бөлуді бақылап, үнемі есепке алып, және бүкіл қажетті ресми құжаттарды және заңды рәсімді қамтамасыз етеміз.

Ақылмен инвестициялау

Заңнама, экономикалық трендтің дамуы мен инвестор мүддесін есепке ала отырып алдын-ала он жылға стратегиялық жоспар құру инвестицияңыздың қайтарымын арттырып, жағымсыз кездейсоқтықты азайтуға мүмкіндік береді.


Клиентіміздің қамын ойлаймыз

Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз, менің аты-жөнім – Нана Франчетти, «Global Actual Serviсes» сенімгерлік компанисын басқарамын. Екі жоғары білімім бар: экономикалық және құқық. Екеуін де Еуропада – Италия мен Чехиядан алдым. Ал ең бағалы білімім – жылдар бойы жинаған өмірлік тәжірибем. Мені сөзсіз сену мен адалдыққа тәрбиеледі, ал есейгенде өмірде мүлде басқа екеніне көзім жетті, екіжүзділік пен айқын емес нәрселерді қабылдай алмаймын.

Қызметті енді бастаған кезімде инвесторлардың мүддесін қорғаумен айналыстым. Сол кезде-ақ клиенттерімнің мүддесін қорғау үшін барымды саламын деп шештім, сөйтіп, трасқа келдім. Бүгінде Assicurazioni Generali (Италия), AXA (Франция), Aviva plc (Ұлыбритания), Allianz SE (Германия) және тағы басқа секілді ірі компаниялармен жұмыс істеген тәжірибем бар. Экономика саласындағы білім мен жылдар бойы жинаған тәжірибем клиенттеріміздің қаржылық мүддесін қорғауға бағытталған сенім институтын басқаруға көмегін тигізеді. Дағдарыс кезінде де бізге сеніп тапсырылған қор, актив және тағы басқаларды сақтай алдық. Бұл мен үшін ең басты міндет деп ойлаймын. 25 жыл жұмыс істегенде компаниямыз дүние жүзіндегі демалыстың клубтық индустриясында өзін сенімді агент ретінде танытты. Біздің қызметімізді әлемдік аты бар корпорация мен ірі компаниялар пайдаланады. Дүние жүзі бойынша жақсы мамандардың көпжылдық тәжірибесі – кепілдік алудың жақсы негізі, ал ол бізде жетерлік.

Клиенттеріміз үшін ең жақсыны ұсынамыз және сіздің бізге сеніп тапсырған ақшалай қаржы, жылжымайтын объект пен клубтық үлестің кепілі бола отырып, салымыңыздың сақтандырылғанын қамтамасыз етеміз. «Global Actual Serviсes» бұл – еуропалық сенімділік, азиялық даналық пен көпжылдық тұрақтылықтың үйлесімдігі.

Нана Франчетти
Global Actual Services Сенімгерлік компаниясының басшысы