Эскроу шарт тараптарының өзара қарым-қатынастары
Эскроу/escrow - шарттық қатынастардың ерекше түрі, тараптардың міндеттемелерін қамтамасыз ету мен нәтиже кепілдігін қалыптастырудағы жаңа кезең. Бұл құрылым банктік шот шартының бір түрі болып та, есеп айырысу да болып табылмайды. Бұл қатар бірнеше шарттардың элементтерін қамтитын ерекше құрал. Мұнда көптеген елдерде кеңінен қабылданған сақтау нормалары да, есеп айырысудың нысандары да - мысалы, инкассо немесе аккредитив есепке алынады. Қазіргі заманғы заңнама эскроу-агентті тартумен жасасатын заманауи мәмілілердің, бұрын кездескен ықтимал коллизияларды назарда ұстап, барлық кемшіліктерін ескереді.
Эскроу не үшін қажет және қалай жұмыс істейді?
Кез келген қаржы-құқықтық механизм сияқты, шартты депозиттеу шартының артықшылықтары мен кемшіліктері де бар, сондықтан, егер онда практикалық қажеттілік туындаса, оның қалай жұмыс істейтінің білу маңызды. Ал қазіргі жағдайда эскроу сұранысқа ие болады.
Эскроу-агенттің жауапкершілігі мен сыйақысы
Эскроу-агенттің жауапкершілігі мәміленің әртүрлі кезеңдерінде туындайды, бірақ оның іс-әрекетінің маңыздылығы мен бағалануы тұрғысынан ең күрделі болып бенефициарға табыстау кезінде депозиттелген мүлікті тексеру кезеңі болып табылады. Эскроу-агенттің құзыреттілігі мен бейтараптығына мәміленің осы бөлігі іс жүзінде тәуелді болады, өйткені депонент талаптарды орындауы туралы шешімді, шарт талаптары есепке алынса да, эскроу-агент дербес қабылдайды. Дегенмен кез келген шарт баян ету үшін өріс қалдырады.
Trust – сенім деген сөз. Сену мен сенімнің қандай айырмашылығы бар? Көзсіз сенуге болады. Ал сенім – бұл білгілі бір әркетпен бекітілген сену. Траст аманат шартына өте ұқсас, бір тұлға екіншісіне өз затын белгілі бір әдіспен басқаруды тапсырады. Алайда бұл сыртқы ұқсастық қана. Трастың ерекшелігі басқаруға берілетін зат басқарушы меншігіне біржола өтеді. Трастың қолданылатынына мына жағдай мысал болады: жасы келген миллионер дүние мүлігін басқаруға күші қалмаған соң істен шеттейді. Ісін ұлдары жалғастырғанын қалайды, алайда қомақты сомадағы ақшаны олар жұмсап қояды деп, жай бере салғысы келмейді. Миллионер сенімді адвокат тауып, онымен сенімгерлік шарт түзеді. Сол шарт бойынша адвокат миллионердің (трасты құрушы) дүние мүлкін өз басқаруына алады. Адвокат мүлікті тек миллионердің ұлдарының мүддесімен басқаруға міндетті болады. Ол (адвокат) балалардың білімін қаржыландырып, олардың өз ісін ашудағы т.б. шығынды өтеуге тиіс. Сонымен қатар, сенімгерлік шартта бөлінген дүние мүліктен адвокаттың миллионердің ойынша ақшаны жөнсіз пайдалану деп есептейтін (ат жарысына тігу, шамадан тыс мейрамхана шығыны т.б.) шығынды төлеуіне қатал тыйым салынған. Адвокаттың өзіне (сенімді басқарушыға) атқарған жұмысы үшін трасты құрушы берілген дүние мүліктен белгіленген сомада жыл сайынғы сыйақы тағайындай алады. «Global Actual Services» - «Альянс» клубы мүшесінің әрқайсысының дәл сол жеке адвокаты. Біздің иелігімізді басқаруына алып, кез келген жағдайда бақылап, біздің құқығымыздың сақталуына кепілдік береді.
Дмитрий Левицкий (Украина)
Жеке адвокат