Инвестицияңызды трасқа сеніп тапсыратын уақыт келді
Дүние жүзінде миллиондаған отбасы демалысқа клубтық иелік етудің арқасында ең жақсы жағажайлық курортта және атақты мегаполис пен тарихи қалаларда демала алады. Олардың өз демалысына салынған инвестициясы сенімді басқару арқылы меншікке ортақ иелік етудің заңды үлгісімен қорғалған. Компаниямыздың құрылыс салушыға және олардың клиенттеріне жылжымайтын объектіге ортақ иелік етудің ашық әрі сенімді жүйесі арқылы өзара әрекет етуге көмектесіп келе жатқанына ондаған жыл болды. Сенімді басқару – бұл өз демалысыңызға салынған инвестицияңыздың сенімді қорғанышы.
Біз жүздеген миллион еуроға бағаланатын объектілерді басқарамыз
Олардың арасында ірі қалалардағы қонақ үй кешені, салтанатты вилла, пәтер мен үй салу, демалуға арналған бунгало кешені мен басқа жа жылжымайтын мүлік бар.
Біз жиырма екі елдегі жылжымайтын мүлікті басқарамыз
Бес құрлықтың жиырмадан астам еліндегі жылжымайтын объект біздің басқаруымызда. Меншік құқына қатысты заңды жете зерттеп, сақтаймыз, тәуекелділікті үнемі бағалаймыз және иегердің құқығын қорғаудың қажетті әрекетін істейміз.
Жылына мыңдаған жаңа келісімшарт
Жыл сайын мыңдаған жаңа ортақтастардың пайдалануына құқық беретін сертификат шығарып, тіркейміз. Біздің иегер бойынша дерекқорымыз өзекті болуы үшін салушылар мен клубтармен үнемі салыстырылады
Бала кезімде есімде, ата-анамның жақын достарының отбасымен бір аптаға үйлерімен алмасатын дәстүрі болатын. Есте қаларлық саяхат болатын. Біз солтүстіктің орманына барып, ал олар теңіз жағасындағы үйімізге орналасатын. Барлық жерде осындай достарымыз болса, әлемнің кез келген бұрышына саяхаттасақ деп армандайтынмын. «Alliance Family Club» клубы мейірімді сыйқыршы секілді осы арманымды есейгенде жүзеге асырды. «Global Actual Services»-тің басқа үлескерлерімен кездесіп, араласу, жобаны талқылау бүкіл әлемде жақсы, мейірімді достарымның болуына мүмкіндік береді. Қалай жүзеге асыратыныңызды білмегендіктен арманыңыздан бас тартпаңыз. Бізбен бірге оны жүзеге асыруды үйренесіз!
Нана Франчетти, клубтық демалыс жайлы
«Global Actual Services» Сенімгерлік компаниясының басшысы