Клиентіміздің игілігі үшін атқарған жиырма жылдық жұмысымыз
Кәсібиліктің ең жоғарғы деңгейіне бағытталып және біліктілігімізді үнемі арттыратындықтан бізге сенім білдіреді. Біздің басқаруымыздағы актив орналасқан және клиенттеріміз тұратын елдің заңнамасындағы өзгерістерді қырағы қадағалаймыз. Біздің шешіміміз бен стратегиямыз ақылға сай сақтанымпаз, ол аз тәуекелділікті және көп сенімділікті қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік деңгейде танылған кез келген актив
БҰҰ құрамына кіретін кез келген мемлекетте ресми тіркелген кез келген активті сенімді басқаруымызға алуға дайынбыз.
Басқару, бөлу мен бақылаудың кез келген үлгісі
Ортақтас арасында басқару, бөлу, бақылаудың кез келген үлгісін жүзеге асыруға даярмыз. Оның ішіне мұрагерлік, уақытша артқа қалдырылып немесе басқа да шартпен пайдалану, төлемді бөліп төлеу жоспарын жүзеге асыруда құқықтың басталуы және қарапайым бақылауға болатын кез келген басқа да әрекет кіреді.
Жоғарғы класты қызметтің ақылға қонымды құны
Біздің мамандар өз ісінің шебері. Жақсы заңгер, есепші, әкімші мен басқарушының ісін қадірлейміз. Сонымен қатар ақылға қонымды бағамен кең ауқымды клиенттерге қол жетімді қызмет көрсетеміз.
Trust – сенім деген сөз. Сену мен сенімнің қандай айырмашылығы бар? Көзсіз сенуге болады. Ал сенім – бұл білгілі бір әркетпен бекітілген сену. Траст аманат шартына өте ұқсас, бір тұлға екіншісіне өз затын белгілі бір әдіспен басқаруды тапсырады. Алайда бұл сыртқы ұқсастық қана. Трастың ерекшелігі басқаруға берілетін зат басқарушы меншігіне біржола өтеді. Трастың қолданылатынына мына жағдай мысал болады: жасы келген миллионер дүние мүлігін басқаруға күші қалмаған соң істен шеттейді. Ісін ұлдары жалғастырғанын қалайды, алайда қомақты сомадағы ақшаны олар жұмсап қояды деп, жай бере салғысы келмейді. Миллионер сенімді адвокат тауып, онымен сенімгерлік шарт түзеді. Сол шарт бойынша адвокат миллионердің (трасты құрушы) дүние мүлкін өз басқаруына алады. Адвокат мүлікті тек миллионердің ұлдарының мүддесімен басқаруға міндетті болады. Ол (адвокат) балалардың білімін қаржыландырып, олардың өз ісін ашудағы т.б. шығынды өтеуге тиіс. Сонымен қатар, сенімгерлік шартта бөлінген дүние мүліктен адвокаттың миллионердің ойынша ақшаны жөнсіз пайдалану деп есептейтін (ат жарысына тігу, шамадан тыс мейрамхана шығыны т.б.) шығынды төлеуіне қатал тыйым салынған. Адвокаттың өзіне (сенімді басқарушыға) атқарған жұмысы үшін трасты құрушы берілген дүние мүліктен белгіленген сомада жыл сайынғы сыйақы тағайындай алады. «Global Actual Services» - «Альянс» клубы мүшесінің әрқайсысының дәл сол жеке адвокаты. Біздің иелігімізді басқаруына алып, кез келген жағдайда бақылап, біздің құқығымыздың сақталуына кепілдік береді.
Дмитрий Левицкий (Украина)
Жеке адвокат