Сатылымыңызды бізбен бірге жылдам өткізіңіз

Бүкіл әлемдегі ондаған елдердің жүздеген құрылыс салушылары бізді таңдап, бәсекелестері алдында айтарлықтай артықшылыққа ие болды. Сатуды жоспарласаңыз бізге қайырылыңыз және жобаңызға лайықталып істелген бүкіл жобаға немесе оның бір бөлігіне арналған фракциялық иелік етудің сату жүйесін алыңыз. Мол тәжірибемізге сүйеніп маркетингтік стратегия, тексерілген орындаушыларды ұсынамыз, жарнамалық науқанын өткізудің жолын айтып, қажетті құжатты жасаймыз.


Жылжымайтын мүлігіңізді баршаға қол жетімді етіңіз

Сенімді басқарушы арқылы меншігіңізді сату құқығы шартымен пайдалануға берсеңіз жылжымайтын мүлігіңізді көптеген сатып алушыларға қол жетімді етесіз.

Құрылыс заңнамасын терең білу

Жобаны жасау барысында бізге қайырылыңыз, оны жүзеге асырудың тиімді үлгісін ұсынып, мемлекеттік органда тіркеу мен қажетті рұқсат пен лицензия алуға көмектесеміз. Құрылыс аяқталған соң салуыңыздың жұмысын ұйымдастырып, жұмыс жүйесін құрып, команданы іріктеп, үйретеміз.

Клиентіңізбен жұмысты бізге сеніп тапсырыңыз

Клиентке сатылымнан кейінгі қызметтің барлық түрін көрсетеміз, бұл жөнінде біздің сәтті тәжірибемізге сенім артсаңыз болады. Біздің мамандар он бір тілде сөйлесіп, хат жазысып, құжат жүргізеді. GAAP халықаралық үлгіде есеп береміз.


 Траст қатысу мен бақылауды қамтамасыз етеді

Демалыстың клубтық мүмкіндігі туралы білмей тұрып, БАӘ-де пәтерді меншікке ал деген ұсыныс алдым. Маған ұсынылған жылжымайтын мүліктің бағасы, орналасқан жері маған ұнады. Екі бөлмелі үй-жайдың толық құқылы иегері болдым. Сатып алу барысында сатып алынған пәтерді арнайы компанияның сенімді басқаруына беруді ұсынды. Ол компания келісілген пайызға пәтерімді Дубайда болмаған кезде жалға беру міндетін атқарады. Бәрі ақылға қонымды әрі экономикалық жақтан пайдалы. Дубайда тұрғын жайды жалға берудің жоғары құнынан жақсы пайда көрсе болады. Бірақ бір ерекшелік бар еді. Оның маңыздылығын пәтердің коммуналдық төлемінің бірінші сметасын алғанда түсіндім. Араб әмірлігі даму қарқыны мен өмір сүру деңгейінің жоғары жағынан керемет мемлекет, бірақ резидент еместер үшін коммуналдық төлем өте жоғары. Бұл мемлекет шетелдіктердің жылжымайтын мүлікті жаппай сатып алу кезеңінен өтті, көбі осы коммуналдық шығынның «қақпанына» түсіп қалды. Пәтер сатып алуда маған бұл жайлы толық көлемде мәлімет берілген жоқ. Нәтижесінде алынатын табыс сомасы күткеннен айтарлықтай төмен болды әрі салынған қаржының өтемі 25 жылға созылып кетті. Бірақ осы тәжірибе «Alliance Family Club»-тың ұсынысын лайықты бағалауға мүмкіндік берді. Оның құны бірнеше жыл Клубпен отбасылық саяхаттаумен өтелді және басқару жарнасы туралы берілген нақты әрі анық мәлімет маған ұнады. «Global Actual Services»-тің артықшылықты үлес иесі болып, үй-жайды ұстаудың шығыны бойынша Клубтық шығынды бақылап және қатыса аламын. Басқару жарнасының сондай бекітілген мөлшерінің экономикалық негізділігін түсінемін. Әлемнің кез келген бұрышында пайдаланған уақытта ғана коммуналдық төлемді төлеп, мерзімсіз демала аламын.

Владимир Кучеряев (Ресей) Клуб үлескері ретінде өз әсерімен бөлісті
«Global Actual Services»-тің артықшылықты үлестің иегері