Траст сізді қорғайды
Меншікке деген қатынас ежелгі заманнан адамзат қоғамында ең маңызды нәрсенің бірі болды. Бағалы мүлікке иелік ету, пайдалану мен басқару адамның әрекеті мен мінез-құлығының үлгісін қалыптастырады.
Біреудің активті жинақтауы, ал басқалардың оған қол жетпеуі немесе шектеулігі адамзат өркениетінің дамуының басында көптеген мәселенің тууына себеп болып, оның салдары да көп болды. Мемлекет пен оның институтының дамуымен қатар активтерге басқа азаматтың тарапынан қол сұғушылықтан қорғалды. Бірақ мұнымен қатар мемлекет, банк немесе қоғамның басқа да артықшылықты мүшесі тәркілей алатын тәуекел де өсті.
Уақыт өте адал меншік иесінің активін қорғауда айтарлықтай ілгерілеу болды, алайда әлі де онардың меншігіне шабуыл жасалуы мүмкін еді. Сол себепті құқықтануда «Активті қорғау» деп аталатын сала қалыптасты.
Активті қорғаудың негізгі әдісі активті заңдық қашықтандыру, яғни оларды тәуекелі жоғары субъектіден басқа субъектіге өткізу. Ондай тұлға траст болып табылады. Мұндай әдісте мүлік иегерінің өткізілген активпен заңдық байланысы жоққа шығады, бірақ оларды бақылаудың белгілі бір деңгейі сақталады.
Қызметіміз жайлы толық мәлімет алу үшін байланыс парағынан бізге қайырылыңыз.
Trust – сенім деген сөз. Сену мен сенімнің қандай айырмашылығы бар? Көзсіз сенуге болады. Ал сенім – бұл білгілі бір әркетпен бекітілген сену. Траст аманат шартына өте ұқсас, бір тұлға екіншісіне өз затын белгілі бір әдіспен басқаруды тапсырады. Алайда бұл сыртқы ұқсастық қана. Трастың ерекшелігі басқаруға берілетін зат басқарушы меншігіне біржола өтеді. Трастың қолданылатынына мына жағдай мысал болады: жасы келген миллионер дүние мүлігін басқаруға күші қалмаған соң істен шеттейді. Ісін ұлдары жалғастырғанын қалайды, алайда қомақты сомадағы ақшаны олар жұмсап қояды деп, жай бере салғысы келмейді. Миллионер сенімді адвокат тауып, онымен сенімгерлік шарт түзеді. Сол шарт бойынша адвокат миллионердің (трасты құрушы) дүние мүлкін өз басқаруына алады. Адвокат мүлікті тек миллионердің ұлдарының мүддесімен басқаруға міндетті болады. Ол (адвокат) балалардың білімін қаржыландырып, олардың өз ісін ашудағы т.б. шығынды өтеуге тиіс. Сонымен қатар, сенімгерлік шартта бөлінген дүние мүліктен адвокаттың миллионердің ойынша ақшаны жөнсіз пайдалану деп есептейтін (ат жарысына тігу, шамадан тыс мейрамхана шығыны т.б.) шығынды төлеуіне қатал тыйым салынған. Адвокаттың өзіне (сенімді басқарушыға) атқарған жұмысы үшін трасты құрушы берілген дүние мүліктен белгіленген сомада жыл сайынғы сыйақы тағайындай алады. «Global Actual Services» - «Альянс» клубы мүшесінің әрқайсысының дәл сол жеке адвокаты. Біздің иелігімізді басқаруына алып, кез келген жағдайда бақылап, біздің құқығымыздың сақталуына кепілдік береді.
Дмитрий Левицкий (Украина)
Жеке адвокат