Біздің қызметіміз
2001-жылдан бері компаниямыз бүкіл әлемде клиенттерге кәсіби сенімгерлік қызмет көрсетіп келеді. Қаржыны басқару, әкімшілік пен құқық саласындағы мықты мамандар сіздің немесе бізге сеніп тапсырған капиталыңыз бен мүлігіңізді басқарудың тиімді үлгісін ұсынады. Барлық қызметкеріміз өз ісінің нағыз маманы. Әр клиенттің мүддесін барынша қамтамасыз етіп, сіздің активіңіздің тиісті жолмен пайдалануды бақылаймыз.
Компаниямыз мынадай кең салалы қызмет көрсетеді:
• Клиенттің ай сайынғы есептік жазбасын жүргізу
• Хатшылық қызмет
• Кеңестік қызмет
• Шартты депозит бойынша қызмет
• Басқару жарнасын қабылдау
• Клиент дерекқорын жүргізу
• Құнды қағазды сақтау
booking.com сайтынан тұратын жерді өздері брондап, Черногорияға саяхаттаған достарымыздың сөздерін естігенде солар сияқты істеуге шешім қабылдадық. «Баға мен сапа» үйлескен жақсы мейманхана таңдадық. Брондау барысында сайтта брондалатын тұрудың төлемі келген уақытта сол жерде төленетініне қарамастан несиелік картамыздың мәліметін бердік, мейманханаға картамыздан бір тәуліктік тұру құнын ұстап қалу құқығын бердік. Бәрі ойдағыдай болар еді, алайда үш күннен кейін мейманханада тұруымыздың құны брондалғаннан екі есе көтерілетіні жайлы ескертпе алдық, ал броннан бас тартсақ, карточкадан мейманханада тұрудың тәуліктік құны ұсталған соманы жоғалтатын болдық. Бұл мәселені шешу үшін сайтқа, мейманханаға қайырылғанымыздан ештеңе шықпады. Сол жағдайдан кейін қолымыздан ештеңе келмейтін шарасыздық пен қорғансыздық сезімі ұзақ есте қалды. Сол себепті «Alliance Family Club» арқылы алғашқы саяхатымызда «Global Actual Services»-тің сенімді басқарушысының жақсы ұйымдастырған және қорғалған демалыстың барлық артықшылығын балалай алдық.
Жолдасқалиевтар отбасы (Қазақстан)
Клуб мүшесі, Т1 иегері