Құрылыс салушылар мен бөлшектік сатушыларға арналған қызмет
Біздің тараптан неғұрлым көп күш салынса, риза клиент соғұрлым көп болады!
Кәсіби сенімгерлік қызметімізге қоса қонақ күту индустриясында жұмыс істейтін құрылыс салушыларға арналған көптеген қызметті ұсынамыз. Бүгінгі күнде ең танымал қызметтің бірі – шартты депозиттеу.
Сонымен қатар мынандай қызмет көрсетеміз:
• Корпоративтік қызмет
• Team Building корпоративтік іс-шара
• Клуб пен курорт жиналысын ұйымдастыру
• Техникалық қызмет көрсету/Мүшелік жарна жинау
• Валюталық операция
Қосымша мәлімет керек болса немесе біздің өкілдің бірімен кездескіңіз келсе, inquiry@gas-trust.com-ға жазыңыз.
Демалыстың клубтық мүмкіндігі туралы білмей тұрып, БАӘ-де пәтерді меншікке ал деген ұсыныс алдым. Маған ұсынылған жылжымайтын мүліктің бағасы, орналасқан жері маған ұнады. Екі бөлмелі үй-жайдың толық құқылы иегері болдым. Сатып алу барысында сатып алынған пәтерді арнайы компанияның сенімді басқаруына беруді ұсынды. Ол компания келісілген пайызға пәтерімді Дубайда болмаған кезде жалға беру міндетін атқарады. Бәрі ақылға қонымды әрі экономикалық жақтан пайдалы. Дубайда тұрғын жайды жалға берудің жоғары құнынан жақсы пайда көрсе болады. Бірақ бір ерекшелік бар еді. Оның маңыздылығын пәтердің коммуналдық төлемінің бірінші сметасын алғанда түсіндім. Араб әмірлігі даму қарқыны мен өмір сүру деңгейінің жоғары жағынан керемет мемлекет, бірақ резидент еместер үшін коммуналдық төлем өте жоғары. Бұл мемлекет шетелдіктердің жылжымайтын мүлікті жаппай сатып алу кезеңінен өтті, көбі осы коммуналдық шығынның «қақпанына» түсіп қалды. Пәтер сатып алуда маған бұл жайлы толық көлемде мәлімет берілген жоқ. Нәтижесінде алынатын табыс сомасы күткеннен айтарлықтай төмен болды әрі салынған қаржының өтемі 25 жылға созылып кетті. Бірақ осы тәжірибе «Alliance Family Club»-тың ұсынысын лайықты бағалауға мүмкіндік берді. Оның құны бірнеше жыл Клубпен отбасылық саяхаттаумен өтелді және басқару жарнасы туралы берілген нақты әрі анық мәлімет маған ұнады. «Global Actual Services»-тің артықшылықты үлес иесі болып, үй-жайды ұстаудың шығыны бойынша Клубтық шығынды бақылап және қатыса аламын. Басқару жарнасының сондай бекітілген мөлшерінің экономикалық негізділігін түсінемін. Әлемнің кез келген бұрышында пайдаланған уақытта ғана коммуналдық төлемді төлеп, мерзімсіз демала аламын.
Владимир Кучеряев (Ресей) Клуб үлескері ретінде өз әсерімен бөлісті
«Global Actual Services»-тің артықшылықты үлестің иегері