Бірлескен инвестиция салуды қалай жүзеге асыру керек

Бір заңды немесе жеке тұлғаның материалдық қоры қалаған активті меншікке сатып алуға жеткіліксіз болған жағдайда мәселені шешудің бірнеше жолы бар. Жетпеген қаржыны қарызға алуға болады, төлемді бөліп төлеуге немесе сондай қалауы бар серіктес тауып алып, өз құқыңның бөлігін беріп, активке деген құқықты бөлісіп, жетіспеген қаржы мәселесін шешуге болады.

Ортақтас арасындағы дауды заңмен шешу үшін сотқа қайырылатын жағдайға түспес үшін, ал ондай дау жылдар бойы жалғасуы мүмкін, үшінші тарапты тартып, оған ортақтас арасындағы пайдалану мен қадағалау, иелік ету құқығын орындауды бақылаудың құқығы мен міндетін беру дұрыс шешім болып табылады. Мұндай жағдайда ортақтас активке иелік ету мен пайдалану құқығының бөлігін төрешіге өз еркімен береді. Ал ол төрешіге активті басқа тұлғаға еркін бергізбейтін құқық беріп, меншік құқығын сақтауды қадағалайтын мемлекеттік органдар алдында заңды иегер құқығын береді.

Сенімді басқарушы өз ісіне кәсіби тұрғыдан келсе, сенімді басқарудың тақырыбын, болашақ ортақтас туралы, оның әрқайсысының ортақ іске қосқан үлесі жайлы деректі, олардың арасында құқықты бөлу үлгісі жайлы жан-жақты зерттейді.

Иелік етуді зерттеу нәтижесі бойынша сенімді басқару жобалық құжаттаманы жасайды. Ондай құжат талқылайтын активтің, тіпті оның бөлігінің кез келген құқығын қарастыратын әр бір заң құзіреті бойынша тәуелсіз заңгерлердің бірнеше тексеруінен міндетті түрде өтеді. Сенімді басқарудың осы кезеңдегі жұмысы ортақтастардың барлық қалайтын құқығы сақталатын әр қатысушының өзара әрекетінің үлгісін жасау.

Сенімді басқару осы үлгінің ішінде де жүреді. Сол себепті жобалық құжатты жасаудың осы кезеңінде, яғни барлық қатысушы сенімді басқарушыны қосқанда, жобаның субъектісі болмаған кезеңде сенімді басқарушы тәуекелділікті жан-жақты бағалап, жобаның әлсіз тұсын анықтауға мүдделі, өйткені ортақтас арасындағы кез келген дауды шешу толықтай соның мойнына жүктеледі.

Сенімді басқару алдыңызда тұрған мәселені шешуге көмектеседі деп шешсеңіз, онда өз талабыңыз бен қалауыңызды қысқаша сипаттап бізге хабарлама жіберіңіз. Біз жобаның алғашқы бағалауын жүргізіп, мол тәжірибемізге сүйеніп, қандай шешім сәтті болатынына кеңес береміз, сонымен қатар, кез келген активке қауіпсіз бірлескен инвестиция салуды қамтамасыз етуге қажетті міндетті тексеріс қадамын жасаудың ұсыныстарын жібереміз.



 Жақсы қорғалатын және ұйымдастырылған демалыс

booking.com сайтынан тұратын жерді өздері брондап, Черногорияға саяхаттаған достарымыздың сөздерін естігенде солар сияқты істеуге шешім қабылдадық. «Баға мен сапа» үйлескен жақсы мейманхана таңдадық. Брондау барысында сайтта брондалатын тұрудың төлемі келген уақытта сол жерде төленетініне қарамастан несиелік картамыздың мәліметін бердік, мейманханаға картамыздан бір тәуліктік тұру құнын ұстап қалу құқығын бердік. Бәрі ойдағыдай болар еді, алайда үш күннен кейін мейманханада тұруымыздың құны брондалғаннан екі есе көтерілетіні жайлы ескертпе алдық, ал броннан бас тартсақ, карточкадан мейманханада тұрудың тәуліктік құны ұсталған соманы жоғалтатын болдық. Бұл мәселені шешу үшін сайтқа, мейманханаға қайырылғанымыздан ештеңе шықпады. Сол жағдайдан кейін қолымыздан ештеңе келмейтін шарасыздық пен қорғансыздық сезімі ұзақ есте қалды. Сол себепті «Alliance Family Club» арқылы алғашқы саяхатымызда «Global Actual Services»-тің сенімді басқарушысының жақсы ұйымдастырған және қорғалған демалыстың барлық артықшылығын балалай алдық.

Жолдасқалиевтар отбасы (Қазақстан)
Клуб мүшесі, Т1 иегері