Сеніміді басқаруға жобаңызды қалай орналастыруға болады
Құрылыс салушы ретінде сізге, әсіресе иегердің тұратын негізгі орны болмайтын және демалыстың атақты орындарында орналасқан жылжымайтын мүлікті салушы ретінде салатын әр бір жылжымайтын мүлікті ұжымдық пайдалану негізінде сатуды ұйымдастырудың үлгісі қызықтыруы мүмкін. Сатудың ондай ұйымдастыруы жобаның өз құнын арттыруды шамалағанмен (әдетте сатудың әр миллион еуросына 0.5-0.7% шегінде) әлеуетті сатып алушылардың аясын арттыруға мүмкіндік береді.
Салатыныңыздың жалпы көлемінен ортақтас пайдасына сенімді басқаруға беруге болатын жылжымайтын мүлік үлесіне еш шектеу жоқ. Бірнеше ғимараттың тек біреуі немесе аумақтың 10-20-50%-ы ғана ұжымдық иегерлікпен пайдалануға беріледі деген шешім қабылдай аласыз.
Фракциялық сатылымды ұйымдастырудың жалғыз шарты сенімді басқаруға беретін жылжымайтын мүлікке толық меншік құқығын бірегей әрі анық бөлу болып табылады. Ондай құқық жарамды болып, әрекеттегі немесе болатын ауыртпалықтан толық еркін болуы керек.
Ондай жылжымайтын мүлікке ортақ иелік ету үлгісін жүзеге асыруда траст пен салушы бар иегерге барабар, заңды тұлға тіркеледі. Фракциялы жылжымайтын мүлік сондай компанияға қайта тіркеледі, содан кейін сенімді басқарушы салушының клиентінің пайдасына сол жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын бақылап және бөліп беруге кірісе алады.
Сіз құрылыс салушы болсаңыз және сенімді басқару сатылымыңызды қалай арттыратыны және осы үлгінің салық салуды төмендету секілді қосымша артықшылық беретіні жайлы көбірек білгіңіз келсе, құрылыс жобаңызды, аталған құрылысты толық немесе жартылай сенімді басқарып, пайдалану арқылы қандай артықшылық алғыңыз келетінін сипаттап, бізге хат жазыңыз.
Trust – сенім деген сөз. Сену мен сенімнің қандай айырмашылығы бар? Көзсіз сенуге болады. Ал сенім – бұл білгілі бір әркетпен бекітілген сену. Траст аманат шартына өте ұқсас, бір тұлға екіншісіне өз затын белгілі бір әдіспен басқаруды тапсырады. Алайда бұл сыртқы ұқсастық қана. Трастың ерекшелігі басқаруға берілетін зат басқарушы меншігіне біржола өтеді. Трастың қолданылатынына мына жағдай мысал болады: жасы келген миллионер дүние мүлігін басқаруға күші қалмаған соң істен шеттейді. Ісін ұлдары жалғастырғанын қалайды, алайда қомақты сомадағы ақшаны олар жұмсап қояды деп, жай бере салғысы келмейді. Миллионер сенімді адвокат тауып, онымен сенімгерлік шарт түзеді. Сол шарт бойынша адвокат миллионердің (трасты құрушы) дүние мүлкін өз басқаруына алады. Адвокат мүлікті тек миллионердің ұлдарының мүддесімен басқаруға міндетті болады. Ол (адвокат) балалардың білімін қаржыландырып, олардың өз ісін ашудағы т.б. шығынды өтеуге тиіс. Сонымен қатар, сенімгерлік шартта бөлінген дүние мүліктен адвокаттың миллионердің ойынша ақшаны жөнсіз пайдалану деп есептейтін (ат жарысына тігу, шамадан тыс мейрамхана шығыны т.б.) шығынды төлеуіне қатал тыйым салынған. Адвокаттың өзіне (сенімді басқарушыға) атқарған жұмысы үшін трасты құрушы берілген дүние мүліктен белгіленген сомада жыл сайынғы сыйақы тағайындай алады. «Global Actual Services» - «Альянс» клубы мүшесінің әрқайсысының дәл сол жеке адвокаты. Біздің иелігімізді басқаруына алып, кез келген жағдайда бақылап, біздің құқығымыздың сақталуына кепілдік береді.
Дмитрий Левицкий (Украина)
Жеке адвокат