Сенімді басқару деген не

Активті сенімді басқару – материалдық және матриалдық емес құндылықты бірлесе пайдаланудың жалпы әлемдік тәжірибесі. Көптеген елде мемлекеттік органдар меншік құқығын тіркеу, есепке алу мен қайта тіркеу міндетін атқара отырып, заңды не жеке тұлға болсын, иегерді бір тұлға деп таниды, меншікке абсолюттік құқықты немесе оның бір бөлігін тіркейді. Сенімді басқаруға ортақтас арасындағы құқықты барынша талғаммен бөлу керек болғанда қайырылады. Оның ішінде, меншік, ақшалай қаражат, құнды қағаз, компаниядағы үлес пен мемлекеттік орган заңды және жеке тұлғаның активі деп есептеп, танитын кез келген басқа да активтерге иелік ету мен қадағалау, пайдалану құқығын белгілеп, бақылауда қайырылады.

Әлемдегі сенімді басқарудың иелігіндегі барлық активтің құнын нақты бағалау мүмкін емес. Түрлі бағалау бойынша сенімді басқаруға тиесілі тек Солтүстік Еуропа мен Ұлыбританияның өзінде екі триллион еуродан аса актив бар. Бастыстың барлық елінің заңнамасының меншікке «ұжымдық» немесе «жанама» құқықты танудың көп ғасырлық тәжірибесі бар. Бұл жүйенің тамыры ортағасырлық Еуропаның көптеген колониясының есебінен және бүкіл әлемде жаңа қомақты активке ие болудан басталады.

Уақыт өте меншік құқығын иелену құқығы, бөлу құқығы және пайдалану құқығына бөлетін жалпы заңдық тәжірибеге айналды. Осындай құқықты бекіту және өзгертудің заңы мен заңдық механизмі пайда болды. Заң мен ілеспелі механизмін жетілдіруге әкелген осындай құқық бойынша ауқымды сот тәжірибесі жасалынып шықты. Бүкіл әлемде ондаған мың көпшілік сенімгерлік басқару жұмыс істейді, ал өз жергілікті міндетін шешу үшін жабық топ тұлғалары ұйымдастырған сенімгерлік құрылымының санын есептеу мүмкін емес, олардың саны ондаған миллионнан кем емес.

Біздің заманда сенімді басқаруды бизнесте кеңінен пайдаланады. Ол салтанатты үй-жай немесе вилланы (фракциялық иелену) пайдалану құқығын сатуды ұйымдастыруда әлеуетті клиенттерді барынша көптеп таруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жеке тұлғаға мұрагерлік құқықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік шенеуікке қойылатын заң талабын қанағаттандыруға, тіпті салық салуды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Айтылғандарды қорыта келе, сенімді басқаруға кез келген жылжитын, жылжымайтын мүлік, құнды қағаз бен өтімді активтерді жатқызуға болады. Сенімді басқару үлгісін ұйымдастыру мен қолдаудың өте жоғары құны ортақтас арасында ондай мүлікке кез келген құқықты бөлу мен талғамды күйде ыңғайластырумен өтеледі. Сенімді басқарудың арқасында жаңа мүмкіндік бүкіл әлемде қатардағы тұтынушыға қол жетімді болды.



 Траст қатысу мен бақылауды қамтамасыз етеді

Демалыстың клубтық мүмкіндігі туралы білмей тұрып, БАӘ-де пәтерді меншікке ал деген ұсыныс алдым. Маған ұсынылған жылжымайтын мүліктің бағасы, орналасқан жері маған ұнады. Екі бөлмелі үй-жайдың толық құқылы иегері болдым. Сатып алу барысында сатып алынған пәтерді арнайы компанияның сенімді басқаруына беруді ұсынды. Ол компания келісілген пайызға пәтерімді Дубайда болмаған кезде жалға беру міндетін атқарады. Бәрі ақылға қонымды әрі экономикалық жақтан пайдалы. Дубайда тұрғын жайды жалға берудің жоғары құнынан жақсы пайда көрсе болады. Бірақ бір ерекшелік бар еді. Оның маңыздылығын пәтердің коммуналдық төлемінің бірінші сметасын алғанда түсіндім. Араб әмірлігі даму қарқыны мен өмір сүру деңгейінің жоғары жағынан керемет мемлекет, бірақ резидент еместер үшін коммуналдық төлем өте жоғары. Бұл мемлекет шетелдіктердің жылжымайтын мүлікті жаппай сатып алу кезеңінен өтті, көбі осы коммуналдық шығынның «қақпанына» түсіп қалды. Пәтер сатып алуда маған бұл жайлы толық көлемде мәлімет берілген жоқ. Нәтижесінде алынатын табыс сомасы күткеннен айтарлықтай төмен болды әрі салынған қаржының өтемі 25 жылға созылып кетті. Бірақ осы тәжірибе «Alliance Family Club»-тың ұсынысын лайықты бағалауға мүмкіндік берді. Оның құны бірнеше жыл Клубпен отбасылық саяхаттаумен өтелді және басқару жарнасы туралы берілген нақты әрі анық мәлімет маған ұнады. «Global Actual Services»-тің артықшылықты үлес иесі болып, үй-жайды ұстаудың шығыны бойынша Клубтық шығынды бақылап және қатыса аламын. Басқару жарнасының сондай бекітілген мөлшерінің экономикалық негізділігін түсінемін. Әлемнің кез келген бұрышында пайдаланған уақытта ғана коммуналдық төлемді төлеп, мерзімсіз демала аламын.

Владимир Кучеряев (Ресей) Клуб үлескері ретінде өз әсерімен бөлісті
«Global Actual Services»-тің артықшылықты үлестің иегері