Эскроу не үшін қажет және қалай жұмыс істейді?

Эскроу мәмілелері бойынша заңнама үнемі кеңейтіледі және осындай мәмілелерді жүргізетін тараптардың мүдделерін қорғаудың жаңа құралдары қосылады. Заңды және жеке тұлғаларда кез келген шарттарды жасасу кезінде шартты депозиттеудің немесе эскроуды пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл құрылымның мәні – тараптардың шарт талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Қалайша? Мәмілеге үшінші тәуелсіз тұлға, эскроу-агент, қосылады. Ол міндеттемелерді орындаудың да, барлық есеп айырысуларды жүргізудің кепілі болады.

Эскроу/escrow - шарттық қатынастардың ерекше түрі, тараптардың міндеттемелерін қамтамасыз ету мен нәтиже кепілдігін қалыптастырудағы жаңа кезең. Бұл құрылым банктік шот шартының бір түрі болып та, есеп айырысу да болып табылмайды. Бұл қатар бірнеше шарттардың элементтерін қамтитын ерекше құрал. Мұнда көптеген елдерде кеңінен қабылданған сақтау нормалары да, есеп айырысудың нысандары да - мысалы, инкассо немесе аккредитив есепке алынады.

Қазіргі заманғы заңнама эскроу-агентті тартумен жасасатын заманауи мәмілілердің, бұрын кездескен ықтимал коллизияларды назарда ұстап, барлық кемшіліктерін ескереді.

Заңның нормалары бойынша, шартты депозиттеу шарты (эскроу), жалпы алғанда, осылай анықталады: депонент эскроу-агентке белгілі бір мүлікті, оны түпкі нәтижесінде осы депозиттеу пайдасына жүзеге асырылатын тұлғаға (бенефициарға) беруге міндеттеніп, депозиттеуге табыс етеді; эскроу-агенттің рөлі – мәміле жасасу барысында мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және екі тарап (депонент-бенефициар) шарт талаптарын орындаған кезде бенефициарға табыстау.

Бұл сұлба үш тараптың мәмілеге қатысуын жобалап отырып, кеңінен қолданылатын ағылшынсаксондық құқықтан алынған, бұл ретте үшінші тарап мәміленің барлық рәсімдері аяқталғанға дейін өзінің шотында қаржы қаражатын немесе мүліктік құқықтарын сақтай отырып, шарттардың орындалуының кепілі болып табылады. Барлық шарттар орындалды – ақшалай қаражат немесе құқықтар бенефициарға көшеді.

Кез келген қаржы-құқықтық механизм сияқты, шартты депозиттеу шартының артықшылықтары мен кемшіліктері де бар, сондықтан, егер онда практикалық қажеттілік туындаса, оның қалай жұмыс істейтінің білу маңызды. Ал қазіргі жағдайда эскроу сұранысқа ие болады.



 Траст қатысу мен бақылауды қамтамасыз етеді

Демалыстың клубтық мүмкіндігі туралы білмей тұрып, БАӘ-де пәтерді меншікке ал деген ұсыныс алдым. Маған ұсынылған жылжымайтын мүліктің бағасы, орналасқан жері маған ұнады. Екі бөлмелі үй-жайдың толық құқылы иегері болдым. Сатып алу барысында сатып алынған пәтерді арнайы компанияның сенімді басқаруына беруді ұсынды. Ол компания келісілген пайызға пәтерімді Дубайда болмаған кезде жалға беру міндетін атқарады. Бәрі ақылға қонымды әрі экономикалық жақтан пайдалы. Дубайда тұрғын жайды жалға берудің жоғары құнынан жақсы пайда көрсе болады. Бірақ бір ерекшелік бар еді. Оның маңыздылығын пәтердің коммуналдық төлемінің бірінші сметасын алғанда түсіндім. Араб әмірлігі даму қарқыны мен өмір сүру деңгейінің жоғары жағынан керемет мемлекет, бірақ резидент еместер үшін коммуналдық төлем өте жоғары. Бұл мемлекет шетелдіктердің жылжымайтын мүлікті жаппай сатып алу кезеңінен өтті, көбі осы коммуналдық шығынның «қақпанына» түсіп қалды. Пәтер сатып алуда маған бұл жайлы толық көлемде мәлімет берілген жоқ. Нәтижесінде алынатын табыс сомасы күткеннен айтарлықтай төмен болды әрі салынған қаржының өтемі 25 жылға созылып кетті. Бірақ осы тәжірибе «Alliance Family Club»-тың ұсынысын лайықты бағалауға мүмкіндік берді. Оның құны бірнеше жыл Клубпен отбасылық саяхаттаумен өтелді және басқару жарнасы туралы берілген нақты әрі анық мәлімет маған ұнады. «Global Actual Services»-тің артықшылықты үлес иесі болып, үй-жайды ұстаудың шығыны бойынша Клубтық шығынды бақылап және қатыса аламын. Басқару жарнасының сондай бекітілген мөлшерінің экономикалық негізділігін түсінемін. Әлемнің кез келген бұрышында пайдаланған уақытта ғана коммуналдық төлемді төлеп, мерзімсіз демала аламын.

Владимир Кучеряев (Ресей) Клуб үлескері ретінде өз әсерімен бөлісті
«Global Actual Services»-тің артықшылықты үлестің иегері