Эскроу-агенттің жауапкершілігі мен сыйақысы

Эскроу-агенттің жауапкершілігі мәміленің әртүрлі кезеңдерінде туындайды, бірақ оның іс-әрекетінің маңыздылығы мен бағалануы тұрғысынан ең күрделі болып бенефициарға табыстау кезінде депозиттелген мүлікті тексеру кезеңі болып табылады. Эскроу-агенттің құзыреттілігі мен бейтараптығына мәміленің осы бөлігі іс жүзінде тәуелді болады, өйткені депонент талаптарды орындауы туралы шешімді, шарт талаптары есепке алынса да, эскроу-агент дербес қабылдайды. Дегенмен кез келген шарт баян ету үшін өріс қалдырады.

Демек, шартты депонент те, бенефициар да эскроу-агенттің осы шартты бағалау және орындау өлшемшарттарын анық түсінетіндей егжей-тегжейлі белгілеу қажет. Мүлікті табыстау сәті күнтізбе бойынша белгіленеді, немесе шарт орындалған болып есептелетін шарттар нақты келісіледі.

Эскроу-агенттің жауапкершілігін, оның жағдайлары мен басталу мөлшерін ескере отырып, шарт мәтінінде белгілеу орынды.

Эскроу-агентті ынталандыру үшін сыйақы сомасы туралы тармақ маңызды. Әдетте, шартты депозиттеу шарты ақылы болып табылады, басқаша айтқанда, эскроу-агентке көрсетілген қызметтері үшін сыйақы төленеді, бұл ретте мәміленің басқа тараптары – депонент пен бенефициар –әдетте, эскроу-агент алдында осы шарт бойынша ортақ ақшалай жауапкершілікте болады.

Алайда, эскроу шарты сақтау шартынан, егер есеп айырысудың мұндай нұсқасы шарттық тәртіппен көрсетілмесе, эскроу-агенттің депозиттелген мүлікті ұстап қалуға немесе осы мүлік есебінен сыйақы алуға құқығы жоқ болуымен ерекшеленеді.

Эскроу-агенттің сыйақы мөлшері қандай? Тараптар әдетте дауларды сот тәртібімен шешпеу үшін оның сомасын жеке шартпен келіседі. Соттар даулы сомаларды прецедент бойынша анықтайды – ұқсас қызметтердің құның ұқсас жағдайларда салыстырады.

Тараптар шартты депозиттеу шартын нотариалды куәландыруға жұмсалатын шығындардың қажеттілігін ескеруі тиіс. Қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражат, құжатсыз бағалы қағаздар немесе, жалпы алғанда немесе ішінара, әртүрлі иелену құқығы бойынша шарттар ерекшелік болып табылады.



 Жақсы қорғалатын және ұйымдастырылған демалыс

booking.com сайтынан тұратын жерді өздері брондап, Черногорияға саяхаттаған достарымыздың сөздерін естігенде солар сияқты істеуге шешім қабылдадық. «Баға мен сапа» үйлескен жақсы мейманхана таңдадық. Брондау барысында сайтта брондалатын тұрудың төлемі келген уақытта сол жерде төленетініне қарамастан несиелік картамыздың мәліметін бердік, мейманханаға картамыздан бір тәуліктік тұру құнын ұстап қалу құқығын бердік. Бәрі ойдағыдай болар еді, алайда үш күннен кейін мейманханада тұруымыздың құны брондалғаннан екі есе көтерілетіні жайлы ескертпе алдық, ал броннан бас тартсақ, карточкадан мейманханада тұрудың тәуліктік құны ұсталған соманы жоғалтатын болдық. Бұл мәселені шешу үшін сайтқа, мейманханаға қайырылғанымыздан ештеңе шықпады. Сол жағдайдан кейін қолымыздан ештеңе келмейтін шарасыздық пен қорғансыздық сезімі ұзақ есте қалды. Сол себепті «Alliance Family Club» арқылы алғашқы саяхатымызда «Global Actual Services»-тің сенімді басқарушысының жақсы ұйымдастырған және қорғалған демалыстың барлық артықшылығын балалай алдық.

Жолдасқалиевтар отбасы (Қазақстан)
Клуб мүшесі, Т1 иегері