Шартты депозиттеу құрылымының артықшылығы неде
Шартты депозиттеудің шарты қандай жағдайларда мәмілелердің басқа түрлерінен артық болады? Ол бірнеше жағдайларда анық пайда береді.
Мысалы, депозиттелетін мүлік үшін заңнамалық тәртіппен белгіленген "эксклюзивті" құқықтық реттеу бар болғанда.
Немесе толық ақы төлеу үшін қажет болған жағдайда негізді тәуелсіз анықтау қажет болғанда. Эскроу-агент тізбеде келісілген мүлік фактісі бойынша сәйкестігін немесе заңды түрде рәсімделген іс-әрекеттердің басталуын, мысалы, басшылықтың немесе акционерлердің ауысуын, тексеруді жүзеге асырады.
Шартты депозиттеу шартын жасасу кезінде бенефициар депонент міндеттемелерін оның экономикалық жағдайының күрделілігіне, форс-мажорларға және т. б. қарамастан орындамауынан сақтандырылған.
Бенефициардың борыштары бойынша өндіріп алу оның эскроу-агентке депозиттелген мүлікті табыстауға қойылатын талапына қолданылады. Мұндай сұлба активтердің сақталуын қауіпсіздендіругі мүмкіндік береді, мысалы, бизнесті сатып алған кезде немесе күрделі мәміленің әртүрлі кезеңдерінде.
Бұл құрылым жалға алу шарттары кезінде де жақсы жұмыс істейді, онда жалдау ақысының бір бөлігі депозитетнуі мүмкін, ал шартта жалға алушыға жалдау барысында мүлікке залал болмаған кезде осы соманы қайтару ескертілген. Егер жалға алынған мүлікке зиян келтірілсе, онда жалға беруші депозиттелген соманы алады. Ол ықтимал зардаптың өзіндік сақтандыру рөлін атқаратын болады.
Эскроу шарттарын сонымен қатар кредитораралық келісімдерде пайдалану ыңғайлы. Борышқор эскроу-агентке берешекті өтейді, ал ол қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау үішн шарт шеңберінде кредиторлар арасындағы делдал-таратушы рөлін атқарады.
Бенефициар үшін өте маңызды ақпарат: депонент немесе эскроу-агенттің берешектері бойынша депозиттелген мүлікке қатысты өндіріп алу, тыйым салу немесе басқа да шаралар қолдану мүмкін емес. Заң бұл шараны кез келген мүлікке қатысты анықтайды, демек, депозиттелген ақшалай қаражат та қорғануда болады.
Trust – сенім деген сөз. Сену мен сенімнің қандай айырмашылығы бар? Көзсіз сенуге болады. Ал сенім – бұл білгілі бір әркетпен бекітілген сену. Траст аманат шартына өте ұқсас, бір тұлға екіншісіне өз затын белгілі бір әдіспен басқаруды тапсырады. Алайда бұл сыртқы ұқсастық қана. Трастың ерекшелігі басқаруға берілетін зат басқарушы меншігіне біржола өтеді. Трастың қолданылатынына мына жағдай мысал болады: жасы келген миллионер дүние мүлігін басқаруға күші қалмаған соң істен шеттейді. Ісін ұлдары жалғастырғанын қалайды, алайда қомақты сомадағы ақшаны олар жұмсап қояды деп, жай бере салғысы келмейді. Миллионер сенімді адвокат тауып, онымен сенімгерлік шарт түзеді. Сол шарт бойынша адвокат миллионердің (трасты құрушы) дүние мүлкін өз басқаруына алады. Адвокат мүлікті тек миллионердің ұлдарының мүддесімен басқаруға міндетті болады. Ол (адвокат) балалардың білімін қаржыландырып, олардың өз ісін ашудағы т.б. шығынды өтеуге тиіс. Сонымен қатар, сенімгерлік шартта бөлінген дүние мүліктен адвокаттың миллионердің ойынша ақшаны жөнсіз пайдалану деп есептейтін (ат жарысына тігу, шамадан тыс мейрамхана шығыны т.б.) шығынды төлеуіне қатал тыйым салынған. Адвокаттың өзіне (сенімді басқарушыға) атқарған жұмысы үшін трасты құрушы берілген дүние мүліктен белгіленген сомада жыл сайынғы сыйақы тағайындай алады. «Global Actual Services» - «Альянс» клубы мүшесінің әрқайсысының дәл сол жеке адвокаты. Біздің иелігімізді басқаруына алып, кез келген жағдайда бақылап, біздің құқығымыздың сақталуына кепілдік береді.
Дмитрий Левицкий (Украина)
Жеке адвокат