Эскроу шарт тараптарының өзара қарым-қатынастары
Эскроу шарты бойынша үш тараптың қатысуы ескертіледі. Бұл депонент, бенефициар және экскроу-агенті. Депонент пен бенефициар рөлінде заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Олардың мәртебесі заңмен шектелмеген, осылайша, бұл сұлба тек қана кәсіпкерлік болып табылмайды.
Эскроу-агенттің рөлі өте маңызды. Дәл соның өзі мәміле жүргізудің кепілі болып табылады. Сонымен қатар оның ресми мәртебесі заңда шектелмейді. Бұл рөлде банктер мен нотариустар болуы мүмкін. Нотариат үшін бұл қызмет түрі мүлдем жаңа болып табылмайды. Бұрында да нотариустар ақшалай қаражатты және бағалы қағаздарды кейіннен оларды кредит берушіге табыстау үшін депозитке қабылдаған.
Кредиттік ұйымдар (банктер) үшін мұндай қызмет жаңа болса да, неғұрлым сұранысқа ие болады. Эскроу-агенттері ретінде банктер мен нотариустар үлкен сенім тудырады, бірақ өз қызметтері үшін сыйақы мөлшерін де олар, "делдалға" қарағанда, жоғарырақ алады, сенімділік кепілдігінің бағасы осындай. Бұл функцияны адвокаттар мен лицензияланған мамандандырылған коммерциялық құрылымдар жиі орындайды.
Сонымен, эскроу-агент заң бойынша-депонент пен бенефициар арасында делдал ретінде әрекет ететін, әрекетке қабілетті, құқық қабілеті бар, тәуелсіз кез келген үшінші тұлға. Ол екі тараптың да мәміле шарттарын орындауларының дұрыстығын тексеруге және содан кейін ғана оған сеніп тапсырылған қаражатты (мүлікті) бенефициарға беруге тиіс.
Азаматтық құқықтық қатынастарда кең таралған екі жақты мәмілелер жасасқанда заң жүзінде өзара эскроу, басқаша айтқанда, шарттың екі тарапының эскроу-агентіне бір мезгілде жүгінуі, келісіледі. Яғни, тараптардың әрқайсысы бір мезгілде депонент ретінде де және бенефициар ретінде де әрекет етеді. Мұндай конструкция, егер шарт жасасқан болса, алайда, қандай да бір жағдайлар бойынша тараптар оны орындамаса немесе олардың арасындағы сенім толық болмаса, жиі пайдаланылады. Келісімшартты орындау кепілдіктері үшін тараптар эскроу-агенттің қызметтеріне жүгінеді. Ол осындай күрделі мәмілелер кезінде ерекше "аралық судья" қызметін атқарады. Бірақ өзара эскроу тек даулы жағдайларда ғана пайдаланылмайды, бұл қатардағы екі жақты мәміле болуы да мүмкін.
«Alliance Family Club» клубына мүше болардан бұрын бірнеше жыл бойы туроператордан жолдама алып демалдық. Сондай туроператорлардың бірі арқылы Түркияға барған соңғы саяхатымызды еске алғымыз келмейді. Бізді мейманханаға әкелді, бірақ онда орналастырудан бас тартты, өйткені туроператор қонақ үйде тұру үшін төленген ақшаны аудармапты. Бұл әлгі туроператор банкротқа ұшыраған кезде болды, мыңдаған отбасы Түркия, Мысыр басқа да елде осындай жағдайға тап болды. Бастан кешкен оқиғадан кейін қайда демалуға барсақ та клубтағы өз орналасуымызға иелік ету деген ой ұнап қалды. «Global Actual Services»-тің сенімді басқаруының арқасында кез келген форс-мажор жағдайының әсерінен қорғалатынымыз ұнайды.
Гриценколар отбасы (Украина)
Клуб мүшесі, Т2 иегері