Клубтық сертификатты сату
Компаниямыздың өз сату бөлімі жоқ. Иелігіңізді сату немесе басқа тұлғаға қайта рәсімдеуге қатысты сұрақтармен клубтық аптаны қайта сатумен айналысатын компаниялардың біріне қайырылуыңызға болады.Сертификатыңызды басқа тұлғаға сату/қайта рәсімдеу шарасы туралы мәлімет төменде берілген. Бұл мәлімет “Global Actual Services”-пен келісімді қатынасы бар клуб клиенті үшін ғана жарамды. Сертификатты сату немесе қайта рәсімдеуге байланысты сұрақтарыңыз болса, байланыс парағынан жазыңыз.
Сату шарты
Сертификатты басқа тұлғаға сатып немесе қайта рәсімдемес бұрын өзіңізде құжаттың түпнұсқалары бар екеніне, өтініш берген күніңізде басқару және басқа да жарна бойынша қарызыңыздың жоқтығына көз жеткізіңіз. Өтінішіңіз қаралып жатқанда және сатып алушы табылмаған жағдайда аптаңызды пайдалану құқығы мен жыл сайынғы барлық жарнаны төлеу міндетіңіз сақталады. Басқару жарнасын төлемеу келісім шартын бұзу деп есептеледі және мүшелік құқықтан айырады.
Сатып алушы табылғаннан кейін «Сертификатты өткізу актісі» толтырылуы қажет. Бұл үлгі сертификатыңыздың артқы бетінде берілген және оған екі тарап қол қою керек. Толық аты-жөн, мекенжай мен сертификат нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек. Бұл үлгіге қоса клубтық мүшеден бас тартатын ниетіңізді көрсеткен ілеспе хат тіркеу қажет.
Сертфикат шығару үшін комиссия
Жаңа сертификат шығаруға комиссия алынады. Қызмет ақысы мен төлем жолдары жайлы толық мәлімет алу үшін төлем парағынан бізге жазыңыз.
ISO 9000 – ірі брендтер пайдаланатын, сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптарды сипаттайтын халықаралық стандарт сериясы. Мен бірнеше жыл бойы осы стандарт бойынша аудитормын, нарықтағы нені сапалы тауар деп атауға болатынын жақсы білемін. Бизнес бар уақытымды алады деп ойлайсыз ба? Олай емес. Отбасыммен көп саяхаттаймын. «Global Actual Services» сенімді басқарушы бар «Alliance Family Club» жайлы айтқанда қажеттілік пен сол қызметті сенімді көрсететінін атап өтуге болады.
Сергей Петров (Ресей)
Аудитор, Альянс клубының мүшесі