Клуб пен траст өзара қалай әрекет етеді

Клуб пен трастың өзара әрекетін белгілейтін негізгі құжат екі тарап қол қойған клубты құру мағлұмдамасы болып табылады. Онда клубтың тіршілік ету шарты мен параметрі, клубқа мүшелік, мүшеліктің тоқтауы егжей-тегжей сипатталып, сонымен қатар клуб мүшелері арасында жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын бөлісу шарты көрсетіледі. Аталған мағлұмдама жалпы жария құжат болып табылады.

Мағлұмдаманың ажырамас шарты, яғни клубтың тіршілік етуінің шарты траст пен клубтың арасында сенімді басқару қызметін көрсету келісіміне қол қойылуы керек. Бұл коммерциялық құпия келісім, мұнымен сенімді басқарушы (траст) клубқа ақылы негізде жылжымайтын мүлікті сенімді басқару қызметін, сонымен қатар жылжымайтын мүлікті үшінші тараптың пайдалану құқын тіркеу және бөлу қызметін көрсетеді.

Мұндай келісім жылжымайтын мүлікке ортақ иелік ету құқығының міндеттемесін, сонымен қатар жылжымайтын мүлікпен істелетін барлық рұқсат етілген операцияның рәсім мен өлшемінің тізімін қамтиды. Ондай операцияға жылжымайтын мүлікті ортақ иелікке енгізу мен шығару, үшінші тұлғаның пайдалану құқығын беру немесе айыру кіреді.

Осы келісім бойынша міндеттемені орындау үшін тараптар теңдей үлеспен ортақ заңды тұлға құрады. Ол сенімді басқарудағы жылжымайтын мүліктің иесі болып табылады. Сондай ортақ заңды тұлғаны құру, қызметі, есеп беру мен басқа да шығын бойынша шығыны клубтың мойнында.

Клуб құру мағлұмдамасында сипатталған клуб мүшелерінің арасында жылжымайтын мүлікке иелік ету құқығын адал бөлуді тіркеу және бақылау мақсатында траст клубпен үнемі өзара әрекетте болады, сонымен қатар, ортақтаспен өз бетінше өзара әрекет ете алады.

Траст сертификаты бар клуб мүшесі жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығы шектелуде деп есептесе, өз мәселесін сипаттап трасқа қайырыла алады және бар мәселені растайтын құжатты көрсетеді. Егер мәселені трасттың шешетін өкілетінде болса, онда ол дауласушы екі тарап арасындағы төреші ретінде клуб мүшесінің құқығы бұзылды ма, соны анықтайды, бұзылса, клубқа әділеттікті орнатуды тапсырады.

Клуб траст сертификатын иеленуші клуб мүшесі өзіне алынған міндеттемені сақтамайды деп есептесе, трасқа қайырыла алады. Сондай шағым трастың қарау құзіретінде болуы керек және жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығының бұзылуына және ортақ жылжымайтын мүлікті ұстау мен пайдалану бойынша клуб пен ортақтас арасында өздеріне алынған келісімді міндеттемені орындауға ғана қатысты болуы керек.

Көп жағдайда клуб пен траст жаңа ортақтасты тіркеу мен олар жайлы деректі өзгертудің күнделікті мәселесі бойынша өзара әрекет етеді. Осы мақалады сипатталған траст пен клубтың арасындағы қарым-қатынас үлгісі уақыт сынына шыдап, ортақтастарды қосқанда барлық тарап үшін барынша қорғалған әрі тиімді болып табылады.



 Траст қатысу мен бақылауды қамтамасыз етеді

Демалыстың клубтық мүмкіндігі туралы білмей тұрып, БАӘ-де пәтерді меншікке ал деген ұсыныс алдым. Маған ұсынылған жылжымайтын мүліктің бағасы, орналасқан жері маған ұнады. Екі бөлмелі үй-жайдың толық құқылы иегері болдым. Сатып алу барысында сатып алынған пәтерді арнайы компанияның сенімді басқаруына беруді ұсынды. Ол компания келісілген пайызға пәтерімді Дубайда болмаған кезде жалға беру міндетін атқарады. Бәрі ақылға қонымды әрі экономикалық жақтан пайдалы. Дубайда тұрғын жайды жалға берудің жоғары құнынан жақсы пайда көрсе болады. Бірақ бір ерекшелік бар еді. Оның маңыздылығын пәтердің коммуналдық төлемінің бірінші сметасын алғанда түсіндім. Араб әмірлігі даму қарқыны мен өмір сүру деңгейінің жоғары жағынан керемет мемлекет, бірақ резидент еместер үшін коммуналдық төлем өте жоғары. Бұл мемлекет шетелдіктердің жылжымайтын мүлікті жаппай сатып алу кезеңінен өтті, көбі осы коммуналдық шығынның «қақпанына» түсіп қалды. Пәтер сатып алуда маған бұл жайлы толық көлемде мәлімет берілген жоқ. Нәтижесінде алынатын табыс сомасы күткеннен айтарлықтай төмен болды әрі салынған қаржының өтемі 25 жылға созылып кетті. Бірақ осы тәжірибе «Alliance Family Club»-тың ұсынысын лайықты бағалауға мүмкіндік берді. Оның құны бірнеше жыл Клубпен отбасылық саяхаттаумен өтелді және басқару жарнасы туралы берілген нақты әрі анық мәлімет маған ұнады. «Global Actual Services»-тің артықшылықты үлес иесі болып, үй-жайды ұстаудың шығыны бойынша Клубтық шығынды бақылап және қатыса аламын. Басқару жарнасының сондай бекітілген мөлшерінің экономикалық негізділігін түсінемін. Әлемнің кез келген бұрышында пайдаланған уақытта ғана коммуналдық төлемді төлеп, мерзімсіз демала аламын.

Владимир Кучеряев (Ресей) Клуб үлескері ретінде өз әсерімен бөлісті
«Global Actual Services»-тің артықшылықты үлестің иегері