Басқару жарнасы
«Global Actual Services» сенімгерлік компаниясы «Alliance Family Сlub» клубтың басқару жарнасын жинаудың ресми агенті болып табылады. Басқару жарнасын төлеуге байланысты барлық сұрақ бойынша компаниямыздың басқару жарнасын жинайтын бөлімге байланыс парағынан немесе клубыңыздың тиісті бөліміне қайырыла аласыз.
Басқару жарнасы клубтың негізгі шығынын жабады. Ең бірінші, бұл курорт пен үй-жайды тиісті жағдайда ұстау, тазалау, жергілікті салық пен әкімшілік шығынын өтеу.
Клубтық демалу сертификатының иегеріне басқару жарнасын уақытында төлеу керегі жақсы мәлім. Төлем кешіктірілген жағдайда клубқа мүшелік тоқтатылуы мүмкін, ал ұзақ уақыт төленбесе, мүшелік жойылады.
Төлемді банк арқылы аударып немесе кредиттік картамен төлей аласыз.
«Global Actual Services»-тің басқару жарнасын жинайтын бөлімі төлем қабылдау мәселесімен ғана айналысатынына назар аударыңыз. Басқа мәселе бойынша клубыңыздың тиісті бөліміне қайырылыңыз.
«Alliance Family Club» клубына мүше болардан бұрын бірнеше жыл бойы туроператордан жолдама алып демалдық. Сондай туроператорлардың бірі арқылы Түркияға барған соңғы саяхатымызды еске алғымыз келмейді. Бізді мейманханаға әкелді, бірақ онда орналастырудан бас тартты, өйткені туроператор қонақ үйде тұру үшін төленген ақшаны аудармапты. Бұл әлгі туроператор банкротқа ұшыраған кезде болды, мыңдаған отбасы Түркия, Мысыр басқа да елде осындай жағдайға тап болды. Бастан кешкен оқиғадан кейін қайда демалуға барсақ та клубтағы өз орналасуымызға иелік ету деген ой ұнап қалды. «Global Actual Services»-тің сенімді басқаруының арқасында кез келген форс-мажор жағдайының әсерінен қорғалатынымыз ұнайды.
Гриценколар отбасы (Украина)
Клуб мүшесі, Т2 иегері