Траст өз демалысыңызға салынған инвестицияңызды қалай қорғайды
Жылжымайтын мүлікке клубтық (немесе бірлескен) иелік ету әлемде кең тараған және ондаған миллион отбасына жыл сайын әлемнің ең жақсы курорттарындағы үй-жайда жайлы демалуға мүмкіндік береді. Клубпен өз демалысыңызға алдын-ала ондаған жылға айтарлықтай қаржы салуға шешім қабылдар алдында инвестицияңыздың сенімді қорғалатынына көз жеткізу өте маңызды. Жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға депозитке салу жылжымайтын мүлікке ортақ иелік етуді сенімді етіп, қорғайды әрі уайымсыз боласыз.
Отбасы үшін үнемі жайлы демалыс
Жиырма бірінші ғасырда туризм мен саяхат көптеген елдің көпшілік тұрғындарына қол жетімді болды. Курорттық аймақтар барлық құрлықта көбейіп жатыр, лап берген туристердің қамы үшін тұрғындар мен мекемелер қаланың тарихи орталығын тастап кетуде. Саяхаттау ұнамды, көңілді және жылдам бола бастады, әлемнің кез келген нүстесіне ұшақпен 15 сағатта жетуге болады.
Жалғыз не жұппен емес, отбасымен саяхаттау көп шығынды қажет етеді. Көптеген отбасы демалысқа жиі әрі алыс не экзотикалық курортқа барғысы келеді, бірақ ондай топтық демалысты тоқтататын нәрсе оның бағасының қымбаттығы.
Жиі әрі сапалы демалатын отбасы үшін жылжымайтын мүлікке ортақ иелік ету жақсы шешім. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары пайда болған демалыстың мұндай түрі өте қарқынды дамып келеді. Өйткені отбасымен жиі әрі жайлы демалу туркомпания қызметін пайдаланып немесе өздері ұйымдастырғаннан да керемет демалуға мүмкіндік береді.
Ортақтаспен қалай келісуге болады
Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша ондаған миллион отбасы жылы теңіз жағасындағы салтанатты вилла мен курорттық қалашықтан бастап, әлемдік астаналардың орталығындағы пәтерлерге дейін түрлі жылжымайтын мүлікке бірлесіп қожалық етеді. Ортақтаспен келісу оларға өз меншігіне иелік ету құнын бөлумен қатар сол жылжымайтын мүлікті ұстау шығынын да бөлісіп, кезекпен пайдалануға мүмкіндік береді.
Сол жылжымайтын мүлікті пайдалануды ортақтас арасында қалай адал бөлу керек? Жөндеу керек болса немесе ортақтастың бірі жиһазды жаңартып не қосымша жапсарлас құрылыс салғысы келсе, қалай ортақ шешімге келуге болады? Біреуі коммуналдық шығынды төлеуден бас тарса не істеу керек? Осы сияқты сұрақтар жылжымайтын мүлікке иелік ету мен демалыстың шырқын бұзады. Мұндай жағдай мен дау бір отбасы мүшелерінің арасында да жиі болады. Ал ортақ иегер досыңыз немесе бейтаныс адамдар болса не істеу керек?
Статистика бойынша жылжымайтын мүлікті бірлесе пайдалану бойынша саны жағынан әлемдегі көшбасшы испан немесе гавай жағажайындағы көптеген ортақтастар бір-бірімен ешқашан кездеспеген. Жылжымайтын мүлікті ортақ пайдаланудан туындайтын мәселелер клубқа немесе үй-жайды меншіктенушілер қауымдастығына бірігу арқылы азаяды. Барлығына бірдей нақты ереже, қордаланған дауды шешу үшін ортақтастардың жүйелі жиналысы, қызметі төленетін әкімші немесе әкімшілік қызметкерлердің кеңсесі осындай қауымдастықтың ондаған жылдар бойы сәті қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Демалыстың клубтық мүмкіндігі туралы білмей тұрып, БАӘ-де пәтерді меншікке ал деген ұсыныс алдым. Маған ұсынылған жылжымайтын мүліктің бағасы, орналасқан жері маған ұнады. Екі бөлмелі үй-жайдың толық құқылы иегері болдым. Сатып алу барысында сатып алынған пәтерді арнайы компанияның сенімді басқаруына беруді ұсынды. Ол компания келісілген пайызға пәтерімді Дубайда болмаған кезде жалға беру міндетін атқарады. Бәрі ақылға қонымды әрі экономикалық жақтан пайдалы. Дубайда тұрғын жайды жалға берудің жоғары құнынан жақсы пайда көрсе болады. Бірақ бір ерекшелік бар еді. Оның маңыздылығын пәтердің коммуналдық төлемінің бірінші сметасын алғанда түсіндім. Араб әмірлігі даму қарқыны мен өмір сүру деңгейінің жоғары жағынан керемет мемлекет, бірақ резидент еместер үшін коммуналдық төлем өте жоғары. Бұл мемлекет шетелдіктердің жылжымайтын мүлікті жаппай сатып алу кезеңінен өтті, көбі осы коммуналдық шығынның «қақпанына» түсіп қалды. Пәтер сатып алуда маған бұл жайлы толық көлемде мәлімет берілген жоқ. Нәтижесінде алынатын табыс сомасы күткеннен айтарлықтай төмен болды әрі салынған қаржының өтемі 25 жылға созылып кетті. Бірақ осы тәжірибе «Alliance Family Club»-тың ұсынысын лайықты бағалауға мүмкіндік берді. Оның құны бірнеше жыл Клубпен отбасылық саяхаттаумен өтелді және басқару жарнасы туралы берілген нақты әрі анық мәлімет маған ұнады. «Global Actual Services»-тің артықшылықты үлес иесі болып, үй-жайды ұстаудың шығыны бойынша Клубтық шығынды бақылап және қатыса аламын. Басқару жарнасының сондай бекітілген мөлшерінің экономикалық негізділігін түсінемін. Әлемнің кез келген бұрышында пайдаланған уақытта ғана коммуналдық төлемді төлеп, мерзімсіз демала аламын.
Владимир Кучеряев (Ресей) Клуб үлескері ретінде өз әсерімен бөлісті
«Global Actual Services»-тің артықшылықты үлестің иегері